868

Павлодар қаласының әкімі қол астындағылардың парақорлығын тоқтатпағаны үшін қызметінен босатылған

Қала әкімінің орнынан кетуі жайлы smartnews.kz сайты PavlodarNews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қаласының әкімі қол астындағылардың парақорлығын тоқтатпағаны үшін қызметінен босатылған
ашық дереккөзден

Әкімнің кетуі туралы хабарды аймақ басшысы Павлодар қаласының активімен кездесу барысында айтқан. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізді.

Облыс әкімінің қорытындысы бойынша қала әкімі Ержан Иманзаипов қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, ескерту бойынша жұмыстарын жасамаған. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту мен абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылау жүргізбеген. Қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді жариялады.

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.