784

Шымкентте үшем мерзімінен бұрын дүниеге келді

Үшінші мегаполисте үшем сәби дүниеге келді. Бұл туралы smartnews.kz сайты otyrar.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Шымкентте үшем мерзімінен бұрын дүниеге келді
otyrar.kz

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем өмірге келген. Олардың салмақтары екі келіден жоғары. 37 жастағы үшемнің анасы Арайлым Сарсенбековаға дәрігерлер 8-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған.

- Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ дейді дәрігерлер. Анасымен бірге үшем нәрестелерді күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған, - делінген Otyrar басылымында.

Қазіргі уақытта босанған әйел мен 3 сәбидің жағдайы қалыпты. Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім қойған. Жас ана мен үшемдер Перинаталдық орталықтан бүгін үйлеріне шығарылды.