Әйел адам көлікте екі баласымен бірге суға батып кетті
Ертіске әйел адам батып кетті. Бұл жайлы smartnews.kz сайты PavlodarNews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұмдар суға батқан көліктен шыға алмай қалған. Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 тамызда сағат 22:53-те Павлодар ауылында болған.
- Ертіс өзенінен 43 жастағы әйел мен алты және тоғыз жастағы екі баланың денесі шығарылды. Олар отырған жеңіл көлік өзенге қарай жүріп кеткен. Үшеуі де өздігінен шыға алмаған, - деді құтқарушылар.
Құтқарушылар қаза тапқандарды су астынан бір сағаттан астам уақыт өткенде ғана тапқан.