Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды

26.08.2023, 16:38
632
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды aqorda_resmi

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Цифрлық үкімет кеңсесіне барды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ақорда баспасөзінің мәлімдемесінше, екі ел басшыларына отандық IT-шешімдер таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин президенттерге мемлекеттік органдардың азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін IT-платформалар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, сәбидің дүниеге келгенін тіркеу үшін құжат беруге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен көлікті рәсімдеуге  проактивті өтінім берудің үлгілері көрсетілді.

Екі елдің басшыларына азаматтардың өтінім беруіне арналған е-Otinish платформасы және жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтауға мүмкіндік беретін ғарыштан мониторинг жүргізу жүйесі таныстырылды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Тәжікстан президенттеріне «Отбасының цифрлық картасы» жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Бұл жоба – құрамына әлеуметтік әл-ауқаттың 100 көрсеткіші және орталық мемлекеттік органдардың 20 деректер қоры кіретін бірегей дерекқор. Дерекқор барлық отбасыны әл-ауқаттың бес деңгейі бойынша жіктеуге және оларға проактивті форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат аясында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен электрондық үкімет платформасын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі.

Сондай-ақ ынтымақтастық аясында тәжік мамандарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы IT-мектептері мен ғылыми-зерттеу институттарында оқыту мүмкіндігі қарастырылады. Эмомали Рахмон Тәжікстанда цифрлық технологияларды дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды