Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақхана ашылды

26.08.2023, 18:31
825
Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақхана ашылды gov.kz

Алматыда «Жастар Apartments» жаңа заманауи жатақхана ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа жатақханаға барды. 300 орындық жаңа ортақ баспанада Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаға мұқтаж білім алушы жастары орналастырылады.

Жатақхананың ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, қала әкімдігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

“Елімізде жатақхана мәселесі өте өзекті. Алматы қаласында жатақхана тапшылығы жоғары. Осы мәселе бойынша біз екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі жеке меншік хостелдермен және қонақ үйлермен келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім арқылы қосымша 10 000-нан астам төсек-орын табылып отыр. Бүгінде қалада жер тапшылығы бар. Сондықтан екінші бағыт ол қайта жөндеу жұмысы. Яғни бизнесі құлдырап кеткен академиялық немесе жеке меншік ғимараттарында біз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жатақхана ретінде қайта жасақтап жатырмыз. Бүгінгі жатақхана осы екінші бағыт бойынша ашылып отыр”, - деді Саясат Нұрбек.

Ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары 2023 жылдың бірінші жартысында басталған болатын. Жатақхананың ішкі сәулеті шетелдік көшбасшы университеттердің дизайны негізінде жасалды. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді. Төрт қабаттан тұратын жатақханада асхана, демалыс бөлмелері, кір жууға және кептіруге арналған тұрмыстық бөлме, әр қабатта өз ас үйі мен оқу залдары қарастырылған. Сондай-ақ әр секцияға тоңазытқыш, заманауи душ кабиналары мен жаңадан жиһаздар қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген