"Тегін беріңдер!": Тәжікстан тауарлары қойылған жәрмеңкені жұрт талап кетті
Желіде жәрмеңкені тонаған жұрттың видеосы тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесі өтті.
Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер қойылған.
Түсте Президенттер Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрген болатын. Мемлекет басшылары кеткен соң астаналықтар жәрмеңкедегі тауарларды талан-таражға салған.