1234

Елімізде жыл санап балалар үйі азайып келеді

Қазақстандағы балалар үйінің саны азайды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Елімізде жыл санап балалар үйі азайып келеді
ашық дереккөзден

Үш жыл ішінде Қазақстанда 14 балалар үйі жабылған. Бұл хабарды Білім министрі Ғани Бейсембаев тамыз айындағы дәстүрлі мұғалімдер жиналысында жеткізген.

"22 мың жетім баланың 80 пайызы қазір отбасыларда тәрбиеленуде. Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын – "кәсіби патронаттық отбасыларды" құру жоспарлануда, – дейді министр.

Жетімдерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге келетін болсақ, Ғ.Бейсембаевтың айтуынша, 2022 жылы олардың 700-і пәтер алған көрінеді.

Өткен жылдың соңында асырап алушы отбасылар институтын бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов жариялаған болатын. Бірақ өткен уақыт ішінде ол ешқандай заңмен ресімделмеген.