Шенеуніктердің жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендету туралы петиция жарияланды

27.08.2023, 18:42
5444
Шенеуніктердің жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендету туралы петиция жарияланды ашық дереккөзден

Желіде шенділердің жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендету туралы петиция жарияланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Петиция мазмұнында Қазақстан халқы барлық шенеуніктерге (әкімдерге, министрлерге, депутаттарға және басқаларға) жалақыны 85 000 теңгеге дейін төмендетуді талап ету туралы ұсынып жазылған.

Бұған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың сөзі себеп.

"Әрине, 85 мың теңгеге өмір сүруге болады, бірақ әр өңірде жалақы мөлшері өсуі керек. Осы әдістеме негізінде қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деген болатын Ордабаев. 

Петицияны шығарғандар вице-министрдің осы бір сөздерін есепке ала отырып, "Олар 85000 ай өмір сүре алатындықтан, оларға мұндай жоғары жалақы төлеген жөн емес" дейді.

 Шенеуліктердің артық жалақысынан түскен ақшаны қазақстандықтардың өзекті мәселелеріне бағыттау керек делінген петицияда.

Атап айтқанда:

- балаларға арналған жәрдемақылар;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар;
- азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған басқа да әлеуметтік жәрдемақылар.

Петицияға қазірде 40 мыңнан астам адам қолдаса, 200-дей адам қарсылық білдірген.

Қол қою үшін мына сілтеме өтіңіз: петиция

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады