Биыл алаяқтық былтырға қарағанда 12,7%-ға өскен

27.08.2023, 20:12
826
Биыл алаяқтық былтырға қарағанда 12,7%-ға өскен polisia.kz

Есіл ауданы полиция басқармасының аумағында интернет-алаяқтық саласындағы қылмыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өскен. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алаяқтықтың тараған бір түрі – азаматтардың банк шоттарына қол жеткізу үшін олардың дербес деректерін пайдалану. Әдеттегідей, жәбірленушілер фишингті сайттарға кіріп, өздерінің деректерін енгізеді немесе күдіктілер жоғалған, ұрланған құжаттарды пайдаланады.

Қазіргі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтықтар көбейіп кеткен. Онда мобильдік нөмірге  белгісіз адамдар хабарласып, өздерін банк қауіпсіздігі қызметінің қызметкерімін   деп таныстырады және алаяқтар сіздің атыңызға белгілі бір сомаға несие алу үшін өтінім берді және осы өтінімнің күшін жою үшін мобильді қосымшасын жүктеу керек деп айтады. Бұл қосымша телефонға толық кіруге рұқсат береді және алаяқтар иесінің көмегінсіз телефонның мәліметтерін пайдалана алады.

Сондай-ақ оларға банк картасының нөмірін және картаның екінші бетінде жазылған үш санды кодты атауды сұрайды. Алаяқтар жоғарыда көрсетілген деректерді алғаннан кейін банк шоттарынан ақшаны шешіп алады және онлайн түрде несие ресімдейді.

– Соңғы кездері алаяқтықтың мынадай түрі кеңінен таралған. Алаяқтар телефонға қоңырау шалып, олардың туыстары жол-көлік оқиғаларына ұшырағаны және осы мәселені шешу үшін ақша аудару керек деп айтады. Осылайша, полицияға 65 жастағы қала тұрғыны белгісіз адамдардың ішкі істер органдарының қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырып, 600 мың теңге ақшалай қаражатын алдап алғаны туралы шағымданды. Алаяқтар оның қызы жол-көлік оқиғасына ұшырап, полицияда екенін және  туындаған проблеманы шешу үшін шұғыл ақша керек деп хабарлаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында “курьер” келіп, аталған әйелден ақша алып кеткен 26 жастағы әйел адамды анықтады. Тәртіп сақшылары оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысты екенін анықтады. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қаскүнем Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Астана қаласы Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абшекенов.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан сақ болуларын, істің мән-жайын анық білмей, бейтаныс адамдарға ақша бермеуін сұрайды. Сонымен қатар егде жастағы туыстарға осындай жағдайға тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі  және заңсыз әрекеттер туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуін сұрайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды