564

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Оқиға Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тас жолында болған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
polisia.kz

Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.