607

Депутаттар каникулдан оралды: 1 қыркүйекте - Парламент палаталарының бірлескен отырысы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Депутаттар каникулдан оралды: 1 қыркүйекте - Парламент палаталарының бірлескен отырысы

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.