696

Жол ережесін өрескел бұзған көлікті Қайрат Нұртастың өзі жүргізбеген

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова айтты.

Жол ережесін өрескел бұзған көлікті Қайрат Нұртастың өзі жүргізбеген
ашық дереккөзден

Оқиға 25 тамызда Қордай ауданы Алматы-Ташкент автожолының 215-ші шақырымында болған.

«Бейнежазбада көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас жүргізген жоқ. Көлікті бастығына асыққан әншінің жүргізушісі тізгіндеп бара жатқан», - деді ол.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін «Mercedes-222» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 601-бабы (жол белгілері талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды.