«Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр» – СІМ жауабы

28.08.2023, 18:34
886
«Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр» – СІМ жауабы Sputnik / Тимур Батыршин

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобровтың «Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр» деген мәлімдемесіне түсінік берді, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Ол (Евгений Бобров – авт.) ақпаратты білмейтін шығар. Алматыда болған соң тек шектеулі ақпаратқа сүйенген болар. Бірақ 26 тамыздан бері ол Қазақстанда жұмыс істемейді. Қазір Евгений Бобров Ресейдің Алматыдағы бас консулы емес, - деді ол СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылмаған.

«Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда мемлекеттік 7 711 мектеп бар. Тек қазақ тілінде білім беретін – 3957 мектеп, орыс тілінде білім беретін – 1203, ал аралас мектеп саны – 2 551.

Осы дерекке сүйенсек – жоғары көрсеткіш. Алайда уақыт талабына сай қазір қазақша білім беретін мектептердің саны артып жатыр», - деді ресми өкіл.

Журналистердің бірі Айбек Смадияровтан «Сіздер Ресейдің осындай лауазымды тұлғаларының Қазақстанның ішкі мәселесіне қандай да бір баға беріп, пікір білдіруін қалай бағалайсыздар?» деп нақты сұрақ қойды.

Әрине, ол дұрыс емес. Қазір ол (Евгений Бобров) Қазақстанда жоқ, кетіп қалды, - деп жауап берді СІМ өкілі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады