Алматыда көлік аялдамаға соғылды: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

28.08.2023, 19:08
600
Алматыда көлік аялдамаға соғылды: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды stan.kz

28 тамызда Алматыда Mercedes жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасында жеті адамды қағып кетті.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.

Зардап шеккендердің бесеуі түрлі жарақаттармен Алматының қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Ал үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.

"Бір науқаста сол жақ жамбасының және ол жақ білектің жабық сынуы бар. Екінші науқастың миы шайқалды. Сол жақ балтырдың жіліншік кондилінің жабық импрессиялық сынуы байқалды. Олар травматология бөліміне жатқызылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ екі жасөспірім Алматының балалар жедел жәрдем орталығына жеткізілді.

Барлық жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

"15 жастағы балаға жабық бас сүйектің жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Екінші бала 16 жаста, оған жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы диагнозы қойылған", – деп қорытындылады мамандар.

Алматы полициясының баспасөз қызметінде жол-көлік оқиғасы фактісі Алмалы ауданы ӨБ қызметкерлерімен тіркеліп, өндіріске қабылданғанын атап өтті.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады