Хиджаб тақырыбын саясиландыру діннің өзіне қауіпті - министр

28.08.2023, 20:36
609
Хиджаб тақырыбын саясиландыру діннің өзіне қауіпті - министр akorda.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мектепке хиджабпен баруға рұқсат беру жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бірінші кезекте жалпы зайырлылық ұстанымын баса айтқан жөн. Себебі, біздің Ата Заңымыз бар, белгілі заңдар бар. Сондықтан, зайырлылық принципі – еліміздің басты ұстанымы. Екіншіден, кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Мысалы, кейбір желі қолданушылары «халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе шешімін тапқан» деп үзілді-кесілді жазған екен. Меніңше, бұл - фейк ақпарат. Себебі дамыған, зайырлы, демократиялық Франция, Аустрия сияқты елдер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін елдер де бар. Сондықтан, біз бұған байланысты халықаралық тәжірибенің әртүрлі екенін көреміз. Әр түрлі мемлекеттің өзіне сай ұстанған бағыты бар, тәжірибесі бар. Біздің де өзіндік ұстаным-бағытымыз бар. Ол - зайырлылыққа және Ата Заңға бағыну», - деді министр YouTube платформасындағы «Өзекті» жобасында.

Д. Қыдырәлі Білім туралы заңда да мектеп формасы нақты бекітілгенін еске салды. Жақында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз пікірін айтқан еді.

«Тағы бір айта кетерлік жағдай, біз діни сенім бостандығына да құрметпен қараймыз, мемлекетте оған барлық жағдай жасалған. Айталық, дін істері басқармаларына қарасты медресе-колледждер бар, соларда қыз балалардың білім алуына жағдай жасалған. Сонымен қатар, бұл мәселеге дәстүр тұрғысынан да қарайтындар бар. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – оқыту, балаға білім беру. Құранның да алғашқы әмірі «Оқы» деп басталатынын білеміз. Ең бастысы, бұл тақырыпты саясиландырмау керек. Себебі, саясилану, радикалдану ең әуелі діннің өзіне қаншалықты қауіпті екенін біз Таяу Шығыстан немесе төңіректегі елдерден жақсы білеміз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды