493

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам мерт болды

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам мерт болды
polisia.kz

28 маусым күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.