БҚО-лық полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар қызды таңғы 4-те тапты

30.08.2023, 10:38
2398
БҚО-лық полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар қызды таңғы 4-те тапты polisia.kz

БҚО полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді анасына тауып берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтып, арыз қалдырған.

Ауыл тұрғыны Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатып, жолшыбай мінген автокөліктен қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Бойын үрей билеп, бірден жан-жағынан іздеп қарай бастайды, бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері қатысып, соның ішінде шекара, төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері ат салысқан.

- Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылған. Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген полиция хабарламасында.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды