Сеулде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Дөңгелек үстелге Кореяның Халықаралық экономикалық саясат институтының (KIIEP), Хангук шет тілдері университеті (HUFS) Орталық Азияны зерттеу орталығының басшылары мен сарапшылары, «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының өкілдері, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Елшілері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдері қатысқан.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов корей сарапшыларын өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған негізгі реформалармен және қазіргі жағдайдағы қазақ-корей қатынастарының келешегі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
- Корей қоғамының өкілдері қабылданған реформалардың оң әсерін атап өтіп, қазақстандық қоғамды демократияландыру деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның таңдаған даму векторы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді, - делінген СІМ хабарламасында.