Жүкті әйелдер Атыраудағы перзентханада тышқандар сабылып жүргенін хабарлады

30.08.2023, 15:37
584
Жүкті әйелдер Атыраудағы перзентханада тышқандар сабылып жүргенін хабарлады azh.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы патология бөлімшесінде шұбырып жүрген тышқандар босануға барған әйелдердің зәресін алған. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы патология бөлімшесіндегі тышқандар жүргені туралы хабар тарады. Бұл жағдайды перзентханадағы жүкті әйелдер хабарлаған.

Жағдайға қатысты Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі жауап қайтарды.

 - Қазіргі кезде перзентхана қаладан алыс жерде орналасқан. Ғимарат жазық далада болғандықтан дала тышқандары бар. Алайда біз өз тарапымыздан дезинфекция жұмыстарын жиі жүргіземіз. Соған қарамастан тышқан шығып жүр. Алдағы күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі. Қазіргі уақытта перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң қазан айында кері көшіріледі, - дейді орталық өкілдері.

Айта кетейік, Атырау облыстық перинаталдық орталығы 2022 жылғы қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға көшірілген болатын.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол