677

Құжатсыз жүрген 73 жастағы қазақстандық алғашқы жеке куәлігін алды

Еліміздегі жеке куәліксіз жүрген азамат құжатын алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Құжатсыз жүрген 73 жастағы қазақстандық алғашқы жеке куәлігін алды
polisia.kz

ШҚО-ның тұрғыны өзінің алғашқы жеке куәлігін жоғалтып алған. Тәуелсіздік алған жылдар кезінде ол жаңа құжат та жасатпаған. Ол жеке куәлігін 50 жылдан кейін қолға алды.

«Оның жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтқан. Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетіп, ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы алып, маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады», – делінген хабарламада.