695

Ауаға оқ атқан қызылордалық ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауаға оқ атқан қызылордалық ұсталды
polisia.kz

Оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталмыш факті бойынша  ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.