"Билік қарсы": Ресейлік әзілкеш Максим Галкинге Қазақстанда концерт өткізуге тыйым салынды

31.08.2023, 10:01
704
"Билік қарсы": Ресейлік әзілкеш Максим Галкинге Қазақстанда концерт өткізуге тыйым салынды maxgalkinru

Танымал ресейлік әзілкеш, тележүргізуші Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ол Қазақстанда өтетін концертке қатысты бірқатар қиындық туындағанын айтып, бұл жолы қазақстандық көрерменмен қауыша алмайтынын жеткізді.

“Қазақстан билігі менің Астана мен Алматы қалаларында концерт өткізуіме барынша кедергі жасап жатыр. Ұйымдастырушыларыммен бірнеше ай бойы кеш өткізу үшін барымызды салып жатырмыз. Бастапқыда бәрі керемет еді. Билеттер сатылып жатты. Кейін түрлі себептерді ойдан шығарып кедергі жасап, тыйым салды. Билеттерді сату тоқтатылды, кейін қайта сатылымға шықты. Менің концерт өткізуіме бөгет жасап жатқанына қарағанда Қазақстан билігі менен қорқатын сияқты. Дәл қазір мемлекеттік деңгейде кеш өткізуіме жасырын тыйым салынды”, – дейді Максим Галкин.

Дегенмен әзілкеш қазақстандық жанкүйерлерімен міндетті түрде кездесуге уәде берді. 

“Әлемде болып жатқан жағдайға қарамастан маған және менің отбасыма барынша қолдау білдіріп жатқан қазақстандық көрерменге алғыс білдіремін. Мен қалай да Қазақстанға барамын. Бірақ бұл жолы емес. Себебі билік менің концерт өткізуіме қарсы. Соған қарағанда Қазақстан билігі менен қауіптенетін сияқты”, – дейді ресейлік әзілкеш.

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды