Вайнерлер: Төребаев пен Шерниязовтың қайда екені белгілі болды

31.08.2023, 11:57
2205
Вайнерлер: Төребаев пен Шерниязовтың қайда екені белгілі болды ашық дереккөзден

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қазір қайда екенін мәлімдеді, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, вайнерлер қазір қамауда отыр. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыпталушылар (тергеудегілер) үкім заңды күшіне енгенге дейін аралас қауіпсіздік мекемесінде болады. Қазір олардың үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ІІМ ҚАЖК.

Айта кетейік, аралас қауіпсіздік мекемелеріне режимнің әртүрлі түрлері бар сотталғандарды ұстауға арналған мекемелер, сондай-ақ қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.

Еске сала кетсек, 23 маусымда вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шыққан болатын. Сол күні Алматыда Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысы бар адамдарға сот үкімі шықты. 

Айыпталушы – 12 адам. Оның ішінде танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. 

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша («Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу») кінәлі деп танылды.

Вайнерлер тек 217-бап («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету») бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

Сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды