Батыс Қазақстан облысында 94 мұғалім жетіспейді

31.08.2023, 14:43
596
Батыс Қазақстан облысында 94 мұғалім жетіспейді canva.com

Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 94 мұғалім жетіспейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні, математика, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиеші орыс тілінде, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандықтары басымдыққа ие.

Бақытжан Хаберұлының сөзіне қарағанда, мәселе оқу жүктемелерін ұлғайту және жас мамандарды жұмысқа тарту арқылы шешіліп жатыр.

Атап айтқанда, 2023 жылы жергілікті қаражат есебінен білім гранттары өңірдің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілікті ескере отырып тағайындалса, соның 22-сі – педагогикалық мамандық.

Сондай-ақ биыл білім беру ұйымдарының 74 түлегіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын бөлу туралы сертификат берілді: медициналық (60), педагогикалық (10), қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс (4).

2017 жылдан бастап педагогикалық мамандыққа 200 грант берілсе, соның 70-і соңғы үш жылдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда 46 грант иегері білім саласында қызмет атқаруда.

Әкім орынбасарының айтуынша, облыстың білім беру ұйымдарында барлығы 15 104 педагог жұмыс істесе, соның 12 731-і немесе 84,2 пайызы – жоғары білімді, оның ішінде магистр дәрежесі бар – 478 немесе 3,16 пайыз.

Облыс бойынша 10 245 педагог (67,8 пайыз) жаңа форматта аттестаттаудан өтті.

«Жаңа оқу жылында облыста 376 (оның ішінде 368 мемлекеттік күндізгі, 3 мемлекеттік кешкі, 5 жеке) жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, онда 121 мыңнан астам оқушы білім алады. Білім күні қарсаңында 1-сыныпқа 13 174 оқушы қабылданды. Өткен оқу жылын 5 789 түлек аяқтаса, соның 4 942-сі ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. 2 805 мектеп бітіруші түлек немесе 57 пайызы мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға жоғары» - деді Б.Нарымбетов.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды