“Менде бомба бар”: Жалған ақпарат таратқан астаналық жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

31.08.2023, 15:59
693
“Менде бомба бар”: Жалған ақпарат таратқан астаналық жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды tgstat.ru

Астана халықаралық әуежайынан "Астана – Алматы" бағытында ұшып бара жатқан жолаушы тіркеу кезінде өзімен бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды.

Алайда Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер ешқандай жарылғыш заттың нысан аумағында жоқ екенін анықтады.

Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жолаушы рейстен шеттетіліп, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір жолаушыға қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Әуежай – стратегиялық маңызды нысан. Мұнда келген әр жолаушы ұшаққа отырмас бұрын жіті тексеріледі. Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы өзінің түсініктемесінде "бір қызды ұнатып, соған әзілдемек ниетте" айтқанын жеткізді. Алайда авиациалық қауіпсіздік әзілдеуге келмейтін тақырып. Сондықтан жолаушылардан әуежайдың тексеру қызметіне жауапкершілікпен қарап, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратпауын сұраймыз", – деді "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы" АҚ PR қызметінің басшысы Тойгүл Жубанисова.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беру бойынша 30 іс тіркелген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды