Қазалыда жасөспірімді ұрып-соққан 3 оқушыға сот үкімі шықты

31.08.2023, 17:58
557
Қазалыда жасөспірімді ұрып-соққан 3 оқушыға сот үкімі шықты canva.com

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жасөспірімді ұрып-соққан 3 оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Биылғы сәуір айында 3 оқушы 15 жастағы жасөспірімді ұрып-соғып, салдарынан ол жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген болатын. Бұзақылар ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы, 107-бабының 2-бөлігі 5 және 8-тармақтары бойынша айып тағылды.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар биылғы 6 сәуірде, сағат 14.00 шамасында саябақта жәбірленуші С.-мен сөзге келіп қалған. Оны қоршап алып, аяқ тұсынан теуіп құлатқан. Бет тұсынан төрт мәрте жұдырықпен ұрып, кеуде және бас тұсынан 2 рет тепкен. Денсаулығына орташа дәрежеде қасақана зиян келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Басты сот талқылауында айыпталушылардың екеуі өз кінәсін мойындаса, біреуі мойындаған жоқ.

Комиссиялық сарапшылар жасаған қорытындыға сәйкес, екі көзінің айналасы мен сол жақ самайына жарақаттың келтірілуі, кеудесінің ісініп кетуі және жабық бас-ми жарақатын алуы салдарынан жасөспірімнің денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян тиген. Бетінің сол жақ тұсының жарақаты, қабырғасының сынуы, 1-ші мойын омыртқасының сыртқы жарақаттары денсаулығына «орта» дәрежеде зиян келтірген. Ал денесіндегі сыртқы жарақаттар өміріне қауіпті емес деп ұйғарылған.

Тергеу жүргізу барысында және сотта жәбірленушінің өкілі қандай да бір зиянның орнын толтыру жөнінде өтінішпен жүгінбеген.

Прокурор айыпталушыларға 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

«Қылмыстық кодекстің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыпталушылар жасаған қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады. Ал Қылмыстық кодекстің 81-бабының 7-бөлігіне сай, онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған үш айыпталушы кінәлі деп танылды.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 1 жылға бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды