Парижде 1 қыркүйектен бастап электр самокаттарға тыйым салынды

31.08.2023, 20:19
656
Парижде 1 қыркүйектен бастап электр самокаттарға тыйым салынды canva.com

1 қыркүйектен бастап Париж көшелерінде жалға берілетін электр самокаттарға тыйым салынады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Франция астанасының билігі бұл шешімді сәуірдегі дауыс беру нәтижелеріне сәйкес қабылдады. 1 қыркүйектен бастап Париж көшелерінен жеке компаниялар жалға ұсынатын электр самокаттар жойылады.

Шешім сәуір айында Франция астанасында өткен референдумнан кейін қабылданды.

Содан кейін қала тұрғындарының 90%-ы электр самокаттарға тыйым салуды қолдап, дауыс берген. Париж көшелерінде осы көлік құралдарының 15 мыңға жуығы жалға берілген еді. Тамыз айында олардың саны азая бастады.

«Біз өткен жексенбіде самокаттарымызды алып тастай бастадық. Олардың саны шамамен 5000 болды. Бірақ бірнеше мың велосипедіміз қалады. Біз күніне 400-ден 500-ге дейін скутерді кешкі оннан таңғы алтыға дейін алып кетіп жатырмыз. Осы үшін қызметкерлерді арнайы бөлдік», - деді Франциядағы Tier бөлімшесінің басшысы Клеман Петте.

Париж осындай қатаң шара қабылдаған алғашқы еуропалық қала болды.
Франция астанасының тұрғындары электр самокаттағы адамдар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретінін, апатты жағдайлар туғызатынын айтып, бірнеше рет шағымданды.

2022 жылы олардың салдарынан болған жол-көлік оқиғасынан 456 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды