"100-ден астам адам зардап шекті": Қырғызстанда Жапаров қатысқан көкпардың соңы тәртіпсіздікпен аяқталды (видео)

01.09.2023, 13:41
5149
"100-ден астам адам зардап шекті": Қырғызстанда Жапаров қатысқан көкпардың соңы тәртіпсіздікпен аяқталды (видео) stan.kz

Қырғызстанда "Достук" пен "Ынтымақ" командалары арасында көкпардан Президент кубогы өтті. Аталған бәйгенің финалы тәртіпсіздікпен аяқталды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Ош облысындағы Толойкон ипподромында болған. Ойын нәтижесінде жеңіс Ынтымаққа бұйырды, алайда көрермендер төрешінің шешіміне наразылығын білдірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, төреші соққыға жығылған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан полицейлердің оны ортадан қалай алып кеткенін көруге болады.

Оқиға куәгерлері түсірген кадрлардан жедел жәрдем көлігіне тас лақтырылғаны және терезелерінің сынғанын көруге болады. Көпшілік көліктің жүруіне кедергі келтірді. Видео авторының пікіріне қарағанда, тәртіпсіздіктер салоннан төрешіні іздегенін көруге болады.

Оқиға куәгерлері мемлекет басшысы Садыр Жапаров, Бас прокурор Құрманқұл Зұлушев және Жоғарғы сот төрағасы Замирбек Базарбековтің болып жатқан оқиғаға реакциясын видеоға түсіріп алған.

 

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздік салдарынан 100-ден астам адам зардап шеккен. Ауруханада екі адам жатыр: бірі көкпаршы, екіншісі тәртіп сақшысы. Көкпаршының тәртіпсіздік кезінде емес, ойын кезінде жарақат алғаны нақтыланды.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық шатырларда 100-ге жуық адамға амбулаторлық көмек көрсетілген.

Тәртіпсіздікке байланысты ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев үндеу жасады. Ол төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде арандатушылар да жазаланатынын мәлімдеді.

"Көпшілік арандатушылардың алдауына түсіп, эмоцияға беріліп, тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға тырысты. Бірақ біз, қырғыздар, тату болып, ел тыныштығын сақтауымыз керек. Бұл спорт, ойын. Бұл жерде біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Ұтылғандар эмоцияға берілмеуі керек. Құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік қызметкерлеріне тапсырма бердім. Ол жерде түсірілген бейнероликтердің барлығы зерттеліп, тәртіпсіздікке қатысушылардың барлығына заң аясында шара қолданылады. Бұл жай ғана қалып қоймайды", - деді Қамшыбек Ташиев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды