798

Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты
gov.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.