«Сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылуда»: Министрлік ақпаратқа түсінік берді

01.09.2023, 19:33
517
«Сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылуда»: Министрлік ақпаратқа түсінік берді egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстанда сауда сөрелеріне сібір жарасын жұқтырған малдың еті түскені туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақмола облысының Қосшы қаласында сібір жарасы ошақтарының болуы туралы хабарлама да – жалған, - деп мәлім етті министрліктен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылының 12 тұрғынында түйнеменің (сібір жарасы) терідегі түрі тіркелген болатын. Барлық науқас медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ал ауылдан ауылшаруашылық өнімдерін шығаруға тыйым салу мақсатында жолдарға бекеттер қойылды. Карантин жарияланды.«Үшқарасу» ЖШС мал шаруашылығы кәсіпорнының директорынан малдың қырылғаны туралы хабарлама 28 тамызда түскен. Ет жедел түрде тәркіленіп, өлген мал жойылды.

Қазір Жарқайың ауданында СЭҚ, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, сондай-ақ ветеринария басқармасы қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы жүр. Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жүргізілді, әрі қарай зерттеу үшін топырақ пен жерасты суларының сынамалары алынды.Ауылға 1,7 мыңнан астам доза вакцина және 900 мың мл дезинфекция құралдары, сондай-ақ ошақты тексеру және жою үшін қажетті барлық арнайы техника жеткізілді. Жергілікті жерде «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» РММ-нің 9 маманы жұмыс істеп жатыр.Залалды бағалау және аурудан өлген мал үшін өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Мемлекеттік органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр, - делінген министрлік хабарламасында.
Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды