"Сұлулығым бақытты етті деп айта алмаймын": Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтардыp
Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева сұлулығы бақытты етті дей алмайтынын жеткізді. The suhbat бағдарламасында өнер иесі жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Талай жылдар бойы бір адамға ғашық болдым деп жаздым ғой. Мен сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын. Сұлулық адамды бақытсыз ететін сәттер болады деп айта аламын. Сұлу болу деген - бақытқа бір қадам басу деген сөз емес. Сұлу әйел де бақытсыз бола алады. Кейде сұлулығы жоқ адамдар бақытты болып жүреді", - деді Меруерт Түсіпбаева.