Әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау үшін тексеріс жүргізген

02.09.2023, 09:51
690
Әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау үшін тексеріс жүргізген ашық дереккөзден

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 233-тен астам тексеру жүргізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 233 тексеру жүргізіп, оның 73-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 160-ы жоспардан тыс тексерулер болды.

Мемлекеттік бақылаумен: 49 мектеп пен колледж, 36 жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары және аудандық бөлімдері, 61 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 13 дүкен, 5 сауда орталығы, 14 медициналық-әлеуметтік мекеме, 20 емхана мен аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 университет, 4 санаторий, 2 кафе, 2 шаштараз және т б қамтылды.

Мәселен, Түркістан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Кентау қаласы тұрғынының (1 топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

- Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Талғар қаласы тұрғынының өтініші негізінде бірқатар мемлекеттік мекемелерде: Талғар қаласы әкімінің аппаратында, Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Талғар аудандық полиция басқармасында, Талғар аудандық орталық ауруханасында, «Аманат» партиясы Талғар аудандық филиалында және Талғар аудандық электр желілері «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті баспасөзі.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады