Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ботулизмнен сақ болуға шақырады

02.09.2023, 10:19
617
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ботулизмнен сақ болуға шақырады ашық дереккөзден

Ботулизм – жұқпалы аурулар арасында сирек кездесетін, бірақ адамның жүйке жүйесіне зақым келтіріп, көптеген жағдайларда арты өліммен аяқталатын, жалпы ағзаның улануына әкеліп соғатын күрделі проблемалы инфекциялық ауру.

Ботулизмнің қоздырғыштары топырақта, жеміс-жидекте немесе жануарлар мен құстардан, балықтардан дайындалған тамақ өнімдерінде кездеседі. Ауру консервіленген өнімдерді, сондай-ақ шұжықтарды, ысталған және тұздалған балықты, ет өнімдерін, көкөністерді, саңырауқұлақтарды, әсіресе үйде технологиялық қағидалар сақталмай дайындалған өнімдерді пайдаланғанда пайда болуы мүмкін.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, аурудың дамуы өте жылдам жүреді. Белгілері: бас және іш ауырады, әлсіздік пайда болады, көз бұлдырап, көз алдындағы заттар қосарланып көріне бастайды, науқастың жұтынуы қиындайды, дауысы қарлығады. Ауырған адамда ботулизмнің белгілері байқалса, өз бетімен ем қабылдамай, медициналық көмекке жүгінуді ұсынамыз. Егер науқасқа дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе,  арты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ комитет ботулизм ауруының алдын алу мақсатында мынадай ұсынымдар беріледі:

- тамақ өнімдерін конвервілеу кезінде санитариялық және технологиялық қағидаларды қатаң сақтау;

- базардан, сауда орындарынан, оның ішінде ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;

- консервіленген өнімдерді пайдаланған кезде қақпағы көтерілген (ісінген) өнімдерді тұтынбау;

- жеміс-жидек пен көкөністерді консервілеген кезде оларды мұқият жуу және тазарту;

- әртүрлі салаттар, тұздалған көкөністер дайындағанда банкілерді залалсыздандыру және  санитариялық-гигиеналық талаптарды мұқият орындау.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды