750

Жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаған күдікті ұсталды
polisia.kz

Ұрлық Фуркат көшесіндегі ЖШС бірінің аумағында жасалған. Тергеу материалдарына сәйкес, 40 жастағы туған Н.есімді азамат күзетілетін аймаққа заңсыз кіріп, 2 жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.

– Күдікті анықталды және ұсталды. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қаскөйдің ұрланған мүлікті сатқан жері де анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр. 

Күдікті қазір қамауда. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.