Бір ғана оқушысы бар мектеп жабылды

02.09.2023, 13:45
657
Бір ғана оқушысы бар мектеп жабылды azh.kz

Атырау өңірінде бір ғана оқушысы бар мектеп жабылып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Бір қабатты 37 жыл бұрын салынған мектеп ең шалғай Сағыз округінде, облыс орталығынан 128 шақырым жерде орналасқан Кеңбай ауылында орналасқан. Бұрын мұнда 6 мұғалім жұмыс істеп, 1 оқушы оқыса, ауылдың қалған балалары мектеп жасына әлі кішкентай.

- Өткен жылы 2 оқушы оқып шықты. Ал биыл бір оқушы қалғандықтан облыстық білім басқармасының шешімімен мектеп жабылды. Ол оқушы Кенбайдан 60 шақырым жердегі Жамансор ауылындағы бастауыш мектепте оқуын жалғастырады. Жұмыстан босатылған мұғалімдерге Жамансордан және Сағыз ауылындағы мектептерден жұмыс ұсындық, бірақ олардың кейбірі қалаға кетуді жөн санапты. Мектептің жабылу құжатын толық рәсімдеген соң ғимаратын Сағыз округінің балансына бермекпіз, - дейді Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Анжанова.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл аудан бойынша 15 орта, 3 бастауыш мектепке 6354 оқушы барған. Ауданда күрделі күйде тұрған тағы бір мектеп Тасқұдық ауылында орналасқан. 20 балаға арналған мектепте 9 оқушы ғана оқиды. Есесіне Жамансор ауылындағы 60 балалық бастауыш мектепке оқушылар толық барған. Ауыл адамдарының сұранысына орай мұнда замануи талапқа сай 80 орындық негізгі мектептің құрылысын салу үшін сметалық құжаты жасақталып, сараптамадан өтіп жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды