Әлихан Смайылов жаңа министрлерге тапсырма берді

02.09.2023, 16:05
691
Әлихан Смайылов жаңа министрлерге тапсырма берді kzgovernment

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Премьер-Министр мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны таныстыра отырып, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында креативті индустрияны ауқымды дамыту бойынша бірқатар міндет қойғанын атап өтті.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, креативті индустрияға қатысушыларды қолдау шаралары бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, әр өңірде креативті индустрия орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Жаңа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті таныстыру барысында Үкімет басшысы ведомствоның алдында ішкі сауданы дамыту, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету, республиканың сауда-саттықтағы әріптестерімен интеграция салалары бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
 
Көлік министрлігінің ұжымына Марат Қарабаевты таныстыра отырып, Премьер-Министр республиканың көлік-логистика саласын одан әрі дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы Светлана Жақыпованы таныстыра отырып, Үкімет басшысы ведомствоның алдында үлкен міндеттер тұрғанын, республика азаматтарының әл-ауқатының деңгейі оларды тиімді шешуге байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл жұмысқа орналастыруға, еңбек дауларын шешуге, зейнетақы, жәрдемақы тағайындауға және т.б. қатысты.

Ермек Маржықпаевты Туризм және спорт министрлігінің ұжымына таныстыру аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)