Қырғызстан Президенті: "Менің бір қасиетім - болашақты болжай аламын"
Садыр Жапаров болашақты болжай алатын қасиеті барын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты akipress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан Президенті Шолпан-Атадағы "Акылман" президент лицейінің ашылу салтанатына қатысқан. Садыр Жапаров өз баяндамасында болашақты болжай алатын қасиеті барын айтқан.
- Мақтанғандай болмайын. Менің бір қасиетім бар, яғни 20-30 жылға болжам жасап, елімізді қандай жол күтіп тұрғанын білемін. Болжамым әрдайым орындалады. Қасиет Құдайдан берілсе керек. Негізінде бұл әр адамда болады. Қазір болып жатқан жағдайға қарап-ақ болжам жасауға болады, - дейді Жапаров.