Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суретіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі

03.09.2023, 13:57
606
Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суретіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі facebook.com/groups/5456523734387894

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суреті желіге тарап кетуіне байланысты қызметтік тексеру басталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып тастау фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңдылықты бұзуына қатысты түбегейлі ұстанымға берік. Келіп түскен әр ақпарат тыңғылықты тексеріледі. Заң бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады», - делінген комитеттің ресми мәліметінде.

Ондағылардың сөзінше, Серік Күдебаев пен жанындағылар жайғасқан дастарханның үстінде тәртіпке қайшы келетін азық-түлік өнімі жоқ.

«ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қлымыстық атқару жүйесінде қамауда отырған сотталушылар азық-түлікті сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде қабылдауға хақылы. Олар ол тамақты арнайы бөлінген орында бос уақыттарында тұтына алады. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлық түріне ортақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері табылған жоқ», - деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды