609

Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлескен

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлескен
gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен.

- Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді, - делінген ресми хабарламада.