668

Ақтауда теңіз жағалауындағы панажайларды бұзақылар өртеп кеткен

Каспий теңізінің жағалауында өрт болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Ақтауда теңіз жағалауындағы панажайларды бұзақылар өртеп кеткен
mangystaumedia.kz

Маусым айында “Голубая логуна” жағажайында туркомпания өз қаражатына салған беседканы белгісіз адамдар өртеп кеткенін айтқан. Әзірге бұзақылар ұстала қоймаған.

“Бюджетімізден ақша бөліп, саяхаттаршыларымыз және сол жағажайда демалатын басқа адамдар үшін беседка орнаттық. Беседка 31 тамызға дейін өте ұзақ және жақсы қызмет етті. Өкінішке орай, бұл беседка енді жоқ, өйткені белгісіз адамдар оны өртеп жіберген. Беседкадан тек күл ғана қалды. «Халық үшін жақсылық жасағың келсе де, әдеттегідей болды» деген осындай жағдай шығар”, - дейді нысанды өз қаржысына орнатқандар.