Информатика зертханашысы мектептегі ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген

03.09.2023, 16:32
746
Информатика зертханашысы мектептегі ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген ашық дереккөзден

Жетісу облысының Панфилов аудандық соты сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

️2021 жылдың қыркүйегінде Жаркент қаласы орта мектебі директорының бұйрығымен сотталушы А. мультимедиялық информатика кабинетінің зертханашысы ретінде жұмысқа қабылданған.

2021-2022 оқу жылында А. мектеп директорының нұсқауымен орта мектепте зертханашы бола жүре, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін орта мектептің оқытушылар құрамына портативті компьютерлер таратқан. Оқу жылын аяқтағаннан кейін барлық ноутбуктерді жинап, оларды мультимедиялық информатика кабинетінің қосалқы жайында сақтаған.

А. өз міндеттерін орындау барысында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлауға, яғни орта мектептің қосалқы жайында сақталған ноутбуктерді мамандандырылған коммерциялық ұйымда кепілге беру қылмыстық ниеті пайда болған.

2022 жылдың сәуірінен бастап А. өз атынан портативті компьютерлерді ломбардқа кепілдікке берген, алған ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.
Зертханашының қылмыстық әрекетінің нәтижесінде Жаркент қаласының орта мектебіне жалпы сомасы 33 миллион теңгеден асатын аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы А.-ға 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, оқу орындарында материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты