Астанада құны жарты миллион теңгеден асатын есікті қиратқан ер адам ұсталды

03.09.2023, 18:46
824
Астанада құны жарты миллион теңгеден асатын есікті қиратқан ер адам ұсталды gov.kz

Астанада вандализммен күрес күшейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

16 тамыз күні түнгі уақытта Астана тұрғыны ғимараттардың бірінен шығып келе жатып, құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырған. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Оның тапсырмасы бойынша биыл вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүліктің бүлінуі үшін жауапкершілік күшейтілді.

«Вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін болды. Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелеріне күн сайын 2 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Қоғам белсенділері еріктілермен бірлесіп, тұрақты негізде «Тоқта, вандал!» акциясын өткізеді.

«Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, адамды қорлағаны, ғимараттар мен өзге де нысандарды бүлдіргені және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік, яғни 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

«Құрметті азаматтар!
Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуға шақырамыз.
Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар», – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Ернат Қоңырбай.

 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты