834

Танымал диджей Бозжыра шатқалында жаңа бейнежазба түсірген

DJ Аzi Ray лақап атымен танымал Азиза өзінің жаңа туындысын Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында орындады. Әлеуметтік желі қолданушылары музыкалық туындымен қатар, бейнероликтегі әсем табиғатқа ерекше тамсанды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Танымал диджей Бозжыра шатқалында жаңа бейнежазба түсірген
ашық дереккөзден

16 тамыз күні Азиза есімді қазақстандық DJ Instagram желісіндегі парақшасында «Silk Sound» атты Маңғыстау облысында түсірілген тұңғыш бейнеролигін жариялады. Ол өзінің жазбасында бұндай форматтағы видеоларды бірінші рет түсіргенін айтқан.

- Өте әсем табиғат, ерекше жер. Өзімнің бүкіл сезімімді музыка арқылы жеткізгім келді. Сіздер де сол сезімді сезінесіздер деген ойдамын,- деді Азиза. 

Ал әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі әуеннің «Iphone» маркалы телефонының рингтонына ұқсайтынын жазған. Маңғыстау облысы туризм басқармасы басшысы Мәулен Ғабдулқалиев жаңа ролик облыста туризмді дамытуға бағытталған жаңа қадам екенін айтады.