497

Қызылордада саяжайдағы тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қызылордада саяжайдағы тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды
canva.com

Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.

«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.