Цифрлық даму министрлігіне жаңа міндет жүктелді

05.09.2023, 17:20
584
Цифрлық даму министрлігіне жаңа міндет жүктелді canva.com

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан аумағында орман және дала өрті кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін беру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» өкіміне қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өкімге сәйкес, орман және дала өрті кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мыналарды орындауға міндетті:

- mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерінің іркіліссіз жұмысын істеуін қамтамасыз етуге;

- Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттеріне және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистері арқылы жану аумағында Жерді қашықтан зондтау деректерін беруге;

- Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен олардың аумақтық бөлімшелерінің жұмысы үшін қажетті кеңістіктік деректерді (термалды нүктелердің, өрт сөндіру бөлімдері мен станциялардың орналасқан жерінің, әуе көлігімен доңғалақты көлік су алатын жерлердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекараларының сипаттамасын қамтитын деректер) mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерінде уақтылы жүктелуін қамтамасыз етуге;

- Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерін пайдалану тәртібін тиісті ведомстволық құқықтық актілерде және жауапты қызметкерлерді бекіте отырып, оларды пайдалануды және өрт қауіпті кезеңде күнделікті мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)