777

Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн-ға жуық қазақстандыққа әсер етпек

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн-ға жуық қазақстандыққа әсер етпек
ашық дереккөзден

Ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін арттырудың нәтижесінде барлық әртүрлі саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаяды.

Айта кету керек, Қазақстанда ЕТЖ мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын өсуде. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеге дейінгі кезекті өсімді ескеретін болсақ, үш жыл ішінде ЕТЖ мөлшері 2 есе ұлғайтылмақ.

Барлық салаларда әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерлерінің ақшалай табысы өседі.