Тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдап жүрген қызылордалық тұрғын ұсталды

06.09.2023, 10:49
385
Тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдап жүрген қызылордалық тұрғын ұсталды ашық дереккөзден

Қызылордалық тұрғынға тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдағаны үшін 250 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Бішкек – Самара бағытындағы пойыз жолаушыларының бірінен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни әдебиеттерді сақтау және тасымалдау фактісін анықтады. Тексеру кезінде Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғыны белгілі болды.

Дінтану сараптамасы діни әдебиеттің Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғанын көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнімді сақтау, тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Меркі ауданының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сот шешімімен аталған азаматқа 70 АЕК (241 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді