572

Биыл жазда 177 адам суға батып кеткен

Жаздың үш айында 177 адам суға кетті, оның 53-і кәмелетке толмаған, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Биыл жазда 177 адам суға батып кеткен
ашық дереккөзден

Қайтыс болғандардың 98 пайызы жабдықталмаған жерлерде суға батып кеткен.

Судағы өлім-жітімнің негізгі себептері: адамдардың өз күшін асыра бағалауы, мас күйінде суға түсуі және жүзе алмауы. Ал балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз қалып, суға кетіп қалады.  

Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады - 1 маусымнан 31 тамызға дейін.