680

Беларусь азаматтары енді паспортты шетелде отырып ала алмайды

Шекара асқан ақорыстар шетелде отырып паспорт ала алмайды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Беларусь азаматтары енді паспортты шетелде отырып ала алмайды
ашық дереккөзден

Паспортты шекара асқан беларусьтерге алуға тыйым салынады. Беларусь азаматтарына мұндай тыйымды ел президенті Александр Лукашенко 5 қыркүйек күні бекітті.

Ел белсенділерінің айтуынша, бұл тыйым шетелдегі жүз мыңдаған ақорыстарға қиындық туғызады. Шетелде жүрген, саяси қуғын көрген азаматтарға қиын болмақ.

Тыйымдағы ереже бойынша жаңа паспорт алғысы келген азамат елге кіріп қана, тұратын жері мен жеке ақпараттарын растап қана ауыстыра алады.