Жетісу облысында заңсыз темекіні жасыруға қолданылған автокөлік тәркіленді

06.09.2023, 14:42
508
Жетісу облысында заңсыз темекіні жасыруға қолданылған автокөлік тәркіленді gov.kz

22,62 килограмм "ORIS" маркалы 102 блок мөлшеріндегі темекі бұйымдары табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2023 жылғы 24 шілдеде «Қорғас-ШХЫО» кеден бекетінде ҚР азаматына тиесілі Audi 100 маркалы автокөлікке кедендік бақылау жүргізу кезінде салмағы 22,62 килограмм "ORIS" маркалы 102 блок мөлшеріндегі темекі бұйымдары табылды. Заңсыз тауар автомобиль ішінде, яғни орындықтың артқы жағы мен автокөліктің багаж бөлімшесі арасында тауарды іздеуді қиындататын жасырын жерде жасырылған. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлады.

ҚР ӘҚБтК-нің 549-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру – құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Материалдар Жетісу облысы Панфилов аудандық сотына берілген.  Соттың 2023 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырын өткізу үшін пайдаланылған Ауди 100 маркалы көлік құралы мен тауарды тәркілей отырып, 25 АЕК (86250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол